Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жүрегі жырдан жаралған

Дата: 08.04.2025 Рубрика: Почитай-ка
88
0
 Жүрегі жырдан жаралған
Қостанай қаласындағы «Строительный» кітапхана-филиалы №15 орта мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, ән авторы Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына орай «Отан туралы сүйіспеншілікпен» атты әдеби-музыкалық этюд ұйымдастырды.
Шара барысында кітапханашы «Махаббат лирикасының патшасы» атты презентациямен ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өткізді. Сонымен қатар, Тұманбай Молдағалиевтің музыкалық шығармашылығына арналған «Тума жырдың Тұманбайы» атты бейнеролик көрсетілді. Оқушылар «Жігіттер» тобының орындауындағы ақынның әндерін ерекше ықыласпен тыңдап, оның лирикалық өлеңдеріне қызығушылық танытты. Кездесу барысында балалар «Келді көктем», «Ер арманы» өлеңдерін оқып, ақын жырларының мағынасын терең түсінуге тырысты.
Кітапхана қоры негізінде «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар «Шақырады көктем», «Жиырма бесінші көктем», «Балаларға базарлық» шығармаларымен танысты.
Шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ақынның жүрекке жылы тиетін өлеңдерін қызыға тыңдады. Бұл әдеби-музыкалық кездесу жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Тұманбай Молдағалиевтің мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
 Сандуғаш Омарова, кітапханашы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!