Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сұрапыл жылдар кітап беттерінде

Дата: 08.04.2025 Рубрика: Почитай-ка
94
0
Сұрапыл жылдар кітап беттерінде
«10-шы аймақ ОҚИДЫ» облыстық акциясы аясында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің 5 «Ә» сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ал соғыс сәттері кітап жадында...» атты дауыстап оқуларды ұйымдастырды. 
Іс-шараға педагог-сарапшы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, тарих пәнінің мұғалімі Нұргүл Сүлейменова қатысты. Шара барысында оқушылар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы ақпарат тындады. Іс-шараның басындакітапхана қызметкерлері Жеңіс күні, 9 мамыр – бүкіл әлемде үлкен мереке, майданындағыларды еске алу мерекесі екенін айтты.
Өз сөзінде Нұргүл Асқарқызы батырлар, соғыстан кейінгі елдің жас, егемен Қазақстан Республикасынын қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқандар туралы айтып берді. Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованы еске алу үшін кітапхана қызметкері М.Молдағалиева «Әлия» әнін орындады.
Кітап көрмесінде ұсынылған Ұлы Отан соғысы туралы таңдалған материалдардан балалар өлеңдер оқып, ұсынылған шығармалардан қызықты үзінділер оқыды: Ж. Молдағалиевтің «Майдангерлер», «Екеуін де көтерді ол», Қ. Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем!», Қ.Әбдіқадыровтың «Соғыс», Т.Молдағалиевтің «Жеңіс күні», Әбу Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны». Іс-шара соңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар бір минут үнсіздікпен еске алынды.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!