Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Отбасы құндылығы – қоғамның берік негізі

Дата: 29.09.2026 Рубрика: По родному краю
8
0
Отбасы құндылығы –   қоғамның берік негізі
Отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы ешқашан өз мәнін жоғалтқан емес. Керісінше, жылдар жылжып, уақыт озған сайын отбасының қоғамдағы рөлі арта түсуде. Өйткені отбасы – адам өміріндегі ең қымбат орта, тәрбие мен мейірімнің, өзара сыйластық пен жауапкершіліктің алтын бесігі. Осындай құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында елімізде қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтеді.
Мерекеге орай Қостанай қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған фестиваль ұйымдастырылды. Шараға қаланың әр мектебінен бір-бір отбасыдан қатысып, көңілді кештің көркін қыздырды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, өнерлі шаңырақтар, спортты серік еткен жанұялар және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын отбасылар болды. Әр отбасы өзіндік ерекшелігімен, өмірлік ұстанымымен және өнегесімен дараланды. Іс-шара жарыс немесе сын түрінде емес, фестиваль форматында ұйымдастырылғандықтан, қатысушылар өзара бәсекеге түспей, береке-­бірліктің үлгісін көрсетті. Түрлі тапсырмаларды отбасы мүшелері бірлесе орындап, ұйымшылдық, өзара қолдау мен татулықтың маңызын айқын аңғартты.
Фестиваль барысында отбасының қоғамдағы орны, бала тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-­қатынас, ұлттық салт-дәстүрді ұрпақ санасына сіңіру мәселелері кеңінен сөз болды.
«Жыл сайын облысымыздың үлгілі отбасылары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында бақ сынап, жүлделі орындардан көрініп жүр. Олар аудандық, облыстық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, республикалық деңгейде аймақтың намысын абыроймен қорғауда. Баршаңызды осындай байқауларға қатысуға шақырамын. Біз бірге отбасы құндылықтарын жас ұрпаққа насихаттауымыз керек», – деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қазез.
Сондай-ақ облыстық аналар кеңесінің төрайымы, көпбалалы ана әрі педагог Ақжан Алтыбаева сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларға ақжарма тілегін жеткізді.
«Әр адам үшін ең қымбат мекен – отбасы. Әр шаңырақта балаға қажетті тәрбие мен махаббат беріліп, оның бойына өмірлік құндылықтар сіңіріледі. Отбасының іргетасы берік болса, елдің де іргесі мығым, болашағы жарқын болады», – деді ол.
Мерекелік шара барысында белгілі ақын, тәжірибелі педагог Александра Суслова отбасы тақырыбындағы жырын оқып, көрермендерге арнайы әзірленген шағын бейнебаян ұсынды. Өнер мен шығармашылық ұштасқан кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұдан кейін мерекелік бағдарлама түрлі шығармашылық және көңілді сайыстармен жалғасты. Отбасы мүшелері өзара ынтымақтаса отырып, өнерлерін ортаға салып, тапқырлықтары мен ұйымшылдығын көрсетті. Балалар да, ата-аналар да белсенді қатысып, мерекенің мазмұнын аша түсті.
Отбасы күні – тек мерекелік дата ғана емес, қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі саналатын отбасының рөлін тағы бір мәрте еске салатын маңызды күн. Қазақстанда бұл мереке 2013 жылдан бері қыркүйектің әр екінші жексенбісінде аталып келеді. Оның негізгі мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұрпақ тәрбиесіне басымдық беру және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!