Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақ деп соққан жүрегі

Дата: 29.09.2026 Рубрика: По родному краю
5
0
Қазақ деп соққан жүрегі
Денисов жалпы білім беретін №3 мектебінің түлегі Кэтрин Майер отбасымен бірге «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы. Ол ұлты неміс болса да қазақ тілін жетік меңгерген патриот.
Анасы Нина Болихтың жетелеуімен қазақша балабақшаға барып, мектепті де мемлекеттік тілде оқыған. Биыл Қостанай өңірлік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына түсті.
Бос уақытында бауырларымен бірге үйінің ауласын таза ұстап, гүл егіп, жасыл желекпен көмкеруге тырысады. Мемлекеттік тілді жоғары құрметтейтін неміс отбасының ұқыптылығы, табиғатқа деген жанашырлығы көпке үлгі.
– «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысу маңызды жауапкершілік екенін дәлелдегіміз келеді. Сол себепті ағайындас бауырым Фильвок Милитамен бірге үйіміздің ауласын күтіп-­ұстауға кірістік. Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау әр үйдің табалдырығынан басталады, – деді Кэтрин.
Жастардың бастамасына ауылдастары дән риза. Кіші буынды жақсы іске ынталандыру үшін Кэтринге білім грантын беру керек деген ұсыныс айтты Алшан ауылының ақсақалы Тасболат Аяғанов.
Өйткені, Кэтрин Майер қазір университеттің ақылы бөлімінде білім алып жатыр.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аталған ұсыныстың егжей-­тегжейлі зерделенетінін айтты. Ректор грантын қарастыру туралы тапсырманы облыстық білім басқармасының басшысы Ардақ Бегатаровқа жүктеді.

 
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!