Отбасы – тәрбие бесігі
Дата: 22.09.2026 Рубрика: По родному краю
0
3
0

Айсары жалпы білім беретін мектебінде Отбасы күніне орай мазмұнды әрі жүрекке жылы мерекелік шара өтті. Тағылымы мол басқосу балаларды, ата-аналарды, әжелер мен аталарды бір ортаға жинап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналды.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат мекен. Бала алғаш мейірімділікті де, сыйластықты да, үлкенді құрметтеуді де өз шаңырағынан үйренеді. Сондықтан отбасындағы татулық пен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту – қоғам үшін маңызды міндет. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендер назарына «Шежіре» атты театрландырылған қойылым ұсынылып, онда отбасы тарихы мен атадан балаға жалғасқан салт-дәстүрдің мәні көрініс тапты. Қойылым балаларға туған-туыстың қадірін біліп, өз әулетінің тарихын танудың маңызын ұғындырды.
Мерекенің көркін спорттық ойындар мен отбасылық сайыстар да қыздырды. Балалар ата-аналарымен бірге түрлі жарыстарға қатысып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Бірге ойнап, бірге жарысқан отбасылардың қуанышы шараға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ал мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – «Әжеден шеберлік сабағы» болды. Ақ жаулықты әжелер жас ұрпаққа ұлттық қолөнердің қыр-сырын таныстырып, дәстүрлі тағамдарды әзірлеу тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар отбасында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан пайдалы кеңестер мен тәрбиелік мәні бар әңгімелерін ортаға салды.
Бұл сәт балалар үшін ерекше қызықты болды. Өйткені әженің қолынан шыққан бұйымның, үйде дайындалған ұлттық тағамның немесе үлкендердің айтқан қарапайым кеңесінің артында тұтас бір тарих пен ұлттық тәрбие жатыр. Осындай кездесулер арқылы жас ұрпақ халқымыздың салт-дәстүрін жақынырақ танып, оны қадірлеуге үйренеді.
Шара соңында көпшілікке ақсақалдың ақ батасы берілді. Қазақ халқында бата – үлкеннің кейінгі ұрпаққа деген ақ тілегі, өмір жолына бағыт-бағдар беретін рухани мұра. Ақсақалдың батасы мерекенің мәнін тереңдете түсті. Отбасы күніне арналған бұл шараның басты құндылығы – бірнеше буын өкілдерінің бір жерде бас қосып, ортақ қуанышты бірге бөлісуінде. Бала мен ата-ана, немере мен ата-әже арасындағы жылы қарым-қатынас – ұрпақтар сабақтастығының берік негізі.
Отбасы – сүйіспеншілік пен қамқорлықтың, сыйластық пен тәрбиенің мекені. Ал салт-дәстүрді сақтап, оны жас ұрпаққа үйрету – әр отбасының үлкен жауапкершілігі. Айсары мектебіндегі мерекелік басқосу балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, отбасының қадірін түсінуге, үлкенді сыйлауға, ұлттық құндылықтарды бағалауға жол ашты.

Комментарии