Тарихты таныған жастар
Дата: 18.08.2026 Рубрика: По родному краю
0
3
0

«Таным жолы – Торғайдан» квизінде рудныйлықтар жүлдегер атанды
Қостанай қаласындағы Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Таным жолы – Торғайдан» облыстық зияткерлік квизінің финалы өңірдің білімді, белсенді жастарын бір алаңға тоғыстырды.
Тарих пен логиканы ұштастырған бұл байқау жастардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Жоба Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және патриотизм» құндылықтарын қалыптастыру және нығайту мақсатында ұйымдастырылып, оны «Synergy» ғылыми-білім беру орталығы» қоғамдық қоры жүзеге асырды.
Үш кезеңнен тұрған байқау
«Таным жолы – Торғайдан» байқауына облыстың қала-аудандарынан 70-тен астам команда қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, тек ең мықты командалар ғана финалға жолдама алды. Байқаудың алғашқы кезеңінде жастар патриоттық тақырыпта бейнероликтер дайындады. Қатысушылар туған жерге деген сүйіспеншілігін, ел тарихына деген құрметін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті. Нәтижесінде облыс бойынша 32 команда келесі кезеңге өтті.
Екінші кезең тарихи тест форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар Торғай өңірінің тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар, көрнекті тұлғалар, мәдени мұрасы мен тарихи оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сарапқа салды. Осы кезеңнің қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен 10 команда финалға жолдама алды.
Білім мен логиканың бәйгесі
Финалдық кезең төрт бөлімнен тұрды. Қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, күрделі логикалық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ерекше форматтағы «Гибридтер» шығармашылық кезеңінде екі ұғымды біріктіретін тапсырмаларды шешіп, соңғы блиц-турда өздерінің жылдамдығы мен терең білімдерін көрсетті.
Барлық тапсырмалар Торғай өңірінің тарихи-мәдени мұрасына арналды. Сұрақтарда өлкедегі тарихи тұлғалар, археологиялық ескерткіштер, киелі орындар, ұлт-азаттық қозғалыстар және табиғи ерекшеліктер кеңінен қамтылды. «Synergy» ғылыми-білім беру орталығы» қоғамдық қорының төрайымы Руслана Бровченко жастардың тарихқа қызығушылығын арттыру жобаның басты мақсаты екенін айтты.
– Біз тарихты оқыту қызықты әрі заманауи форматта жүзеге асуы тиіс деп есептейміз. Қатысушылардың тек дайын мәліметті айтып қоймай, өзара пікірлесіп, логикалық байланыстарды іздеп, білімдерін шығармашылықпен қолданғанын көру біз үшін үлкен қуаныш болды. Осындай жобалар арқылы жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығы арта түседі, – деді ол.
Рудный жастарының жарқын жетістігі
Байқаудың Рудный қаласы бойынша үйлестірушісі, Рудный қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері әрі «Жастар Рухы» жастар қанатының Рудный қалалық филиалының төрағасы Медеу Темірханның айтуынша, байқауға Рудный қаласынан бес команда қатысқан.
– Біздің қала жастары байқаудың барлық кезеңінде жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Алғашқы кезеңнен кейін екі команда – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі мен Рудный политехникалық колледжі келесі кезеңге өтті. Тест нәтижесінде Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің командасы облыстағы үздік ондыққа еніп, финалға жолдама алды. Финалда олар өздерінің білімдері мен ұйымшылдықтарын дәлелдеп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл – Рудный жастары үшін үлкен мақтаныш, – дейді Медеу Ғалымжанұлы.
Оның айтуынша, мұндай жобалар жастардың туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың зерттеушілік қабілетін, логикалық ойлауын және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Торғайға тарихи саяхат
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Федоров ауданының командасы;
ІІ орын – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің командасы;
ІІІ орын – Алтынсарин ауданының командасы мен Қостанай қаласының командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, бас жүлде ретінде Торғай өңірінің тарихи және киелі орындарына екі күндік танымдық экскурсияға жолдама алды. 28-29 шілде күндері ұйымдастырылатын сапар барысында жастар Торғайдың тарихи ескерткіштерін, музейлерін, киелі орындарын аралап, қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты маңызды нысандармен танысады.
Ойын барысында ерекше көзге түскен командалардың бірі – Алтынсарин ауданынан келген «Алтын жастар» құрамасы болды. Жастар білімдерімен ғана емес, ұйымшылдығымен, белсенділігімен және туған өлке тарихына деген ерекше қызығушылықтарымен ерекшеленді. Команда мүшелерінің айтуынша, Торғай өңірі олар үшін жай ғана тарихи мекен емес, қайта-қайта оралып, жаңа қырынан тануға болатын қасиетті өлке.
«Торғайдың тарихы тереңде, сыры көп. Сондықтан Торғайға қанша барып жүрсек те саяхат жасаудан ешқашан шаршамаймыз. Әр сапар сайын жаңа әсер алып қайтамыз», – дейді команда мүшелері.
Тарихқа құрмет – болашаққа сенім
Қостанай облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Валентина Орлова мұндай жобалардың жастар тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті.
– Туған өлкенің тарихы жастар оны қызығушылықпен зерттеген кезде ғана шынайы құндылыққа айналады. Осындай интеллектуалдық жобалар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елінің өткені мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелейді, – деді ол.
«Таным жолы – Торғайдан» облыстық зияткерлік квизі жеңімпаздарды анықтап қана қойған жоқ. Ол жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін шыңдаған, туған жердің рухани мұрасын танытқан тағылымды жобаға айналды.
Рудныйлық жастардың бұл жетістігі – ізденіс пен білімнің, ұйымшылдық пен еңбектің нәтижесі. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақты ел тарихын құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға және туған жердің өткені мен бүгініне бейжай қарамауға үндейтіні сөзсіз.
Айтолқын ӘБДІЛДА

Комментарии