Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Үлгілі аула – тазалық пен еңбек мәдениетінің көрінісі

Дата: 18.08.2026 Рубрика: По родному краю
3
0
Үлгілі аула – тазалық пен еңбек мәдениетінің көрінісі
Тазалық пен көріктілік – үлкен істерден ғана емес, әр адамның өз ауласынан басталады. Осы қағиданы берік ұстанып, туған жерінің ажарын айшықтап жүрген жандардың бірі – Федоров ауданындағы Лесное ауылының тұрғыны Мұқашевтар отбасы.
Қостанай облысының әкімі Федоров ауданына жұмыс сапары барысында Лесное ауылындағы үлгілі аула иелерімен кездесіп, олардың еңбегімен танысты. Мұқашевтар шаңырағының ауласы қарапайым үй маңындағы жер телімі емес, көз тартарлық көрікті баққа айналған. Түрлі түсті гүлдер жайқалып, ағаштар мен бұталар ұқыпты күтіммен өсірілген. Мұндағы тазалық пен жинақылық әрбір келген адамның көңіліне жылылық сыйлайды. Отбасы мүшелері ауласын абаттандыруға жыл сайын ерекше көңіл бөліп, гүл егіп, көгалдандырып, қоршаған ортаны таза ұстауды дәстүрге айналдырған. Олардың еңбегі – туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Аймақ басшысы Мұқашевтар отбасына еңбегі үшін алғыс айтып, арнайы сый-сияпат табыстады. Бұл – тек бір отбасының жетістігін бағалау емес, тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып жүрген барлық тұрғындарға көрсетілген құрмет.
Федоров ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл сайын «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылып келеді. Бұл байқау тұрғындарды өз үйлерінің маңын таза ұстауға, көгалдандыруға және көркейтуге ынталандырады. Аудан тұрғындары өз аулаларының тазалығы, безендірілуі және жасыл желекке бөленуі арқылы белсенділік танытып отыр. Сонымен қатар ауданда қоршаған ортаны қорғау бағытында еңбек етіп жүрген экоеріктілер де бар. Олар сенбіліктерге қатысып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғау бастамаларын қолдап келеді. Облыс әкімі өлке тазалығына үлес қосып жүрген белсенді жастарға ризашылығын білдіріп, бірқатар экоеріктілерге 100 мың теңгелік сертификаттар табыстады.
Федоров ауданындағы осындай игі бастамалар «Таза Қазақстан» бағдарламасының өміршеңдігін көрсетіп, тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыруда. Таза аула – таза ауылдың, ал таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!