Орманшы аға
Дата: 18.08.2026 Рубрика: По родному краю
0
4
0
«Орман – біздің байлығымыз. Бір тал кессең, оның орнына бірнеше көшет отырғызуды ұмытпа. Табиғатты аялау – әр адамның борышы». Бұл – өмірін орман қорғауға арнаған Манарбек Әбдірахмановтың өмірлік ұстанымы. Бүгінгі кейіпкеріміз – туған жердің табиғатын қорғауды өз өмірінің мәніне айналдырған қарапайым еңбек адамы. Оның өмір жолы еңбекқорлықтың, адалдықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
Әке жолын жалғаған азамат
Манарбек Әбдірахманов мамандығы бойынша агроном. Алайда еңбек жолы мүлде басқа арнаға бұрылды. Алғашында темір ұстасы болып еңбек етіп, кейін әкесі Сайын ақсақалдың жолын жалғастырып, орман шаруашылығына келеді. Содан бері ол орман саласында 36 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Қазір орман шаруашылығында шебер болып жұмыс істейді. Манарбек ағаның айтуынша, бұл мамандықты таңдауға әкесінің ақылы себеп болған.
– Әкем өмір бойы орман күзетті. Зейнетке шығарда: «Ақ таяғымды кірлетпе», – деп аманат айтты. Сол сөзді жүрегіме түйіп, осы күнге дейін адал еңбек етіп келемін. Әкемнің сенімін ақтауға тырыстым, – дейді ол.
Орман екінші үйім
Көпшілік орманды демалатын орын ретінде ғана көреді. Ал Манарбек аға үшін орман – өмірінің ажырамас бөлігі. Ол қай жерде қандай ағаш өсетінін, қай маңда қандай құс пен аң мекендейтінін жақсы біледі. Жазда өрттің алдын алып, көшеттерді күтіп-баптайды, ал қыста орманды қорғау жұмыстарын жалғастырады.
– Табиғат адамға бәрін береді. Сондықтан біз де табиғатты қорғауға міндеттіміз. Орманды күту – болашақ ұрпаққа қамқорлық жасау деген сөз, – дейді орманшы.
Манарбек аға жұбайы Гүлнар апамен бірге табиғат аясындағы шағын елді мекенде тұрады. Балалары бүгінде қалада еңбек етеді. Соған қарамастан ерлі-зайыпты туған жерден көшуді ешқашан ойламаған.
– Қалаға барып тұрамыз. Бірақ көңіліміз ауылға тартып тұрады. Мұндағы таза ауа, тыныштық, орманның самалы ештеңеге айырбасталмайды, – дейді олар.
Манарбек ағаның отбасы қазақтың ұлттық дәстүрін де сақтап келеді. Жұбайы Гүлнар апай жыл сайын бие байлап, қымыз дайындайды. Балаларға да үнемі ебең ету өмірдің мәні екенін айтып отырады.
Жасыл желек – жарқын болашақ
Манарбек аға табиғатты қорғаумен ғана шектелмейді. Ол ауылдағы ағаш отырғызу жұмыстарына да белсенді қатысады. Бірнеше жыл бұрын жергілікті шаруашылықтың бастамасымен ауыл маңына жүздеген көшет отырғызылған. Сол көшеттер бүгінде жайқалып өсіп келеді.
– Бес-алты жыл бұрын еккен ағаштар қазір адам бойынан асып қалды. Оларды өз қолымызбен күтіп, суарып жүрміз. Ағаш өсірген адамның еңбегі ешқашан зая кетпейді, – дейді орманшы.
Манарбек Әбдірахмановтың еңбегі күнде көзге көріне бермеуі мүмкін. Бірақ оның әр күні табиғатты қорғауға, орманды сақтауға, туған жердің көркеюіне арналады. Осындай қарапайым еңбек адамдарының арқасында орман жасарып, табиғат түлеп, ауылдың тіршілігі жалғасып келеді.Балалар үшін Манарбек ағаның өмір жолы үлкен өнеге. Ол бізге еңбек етуден қорықпауға, табиғатты сүюге, ата-ананың аманатына адал болуға және туған жерді қадірлеуге үйретеді.
Туған жерді қорғау – үлкен ерлік жасаумен ғана өлшенбейді. Кейде бір тал көшет отырғызу, орманды күтіп-баптау немесе табиғатты таза ұстау да елге қызмет етудің ең үлкен көрінісі. Манарбек ағаның өмірі – осының жарқын дәлелі.

Комментарии