Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Шаңырақтың шырайын кіргізген

Дата: 23.09.2025 Рубрика: По родному краю
54
0
Шаңырақтың шырайын кіргізген
Отбасылық құндылықтарды дәріптеген өнегелі жанұялар марапат биігінен көрінді. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқан үлгілі отбасылардың қатары тағы да толығып, облыстық кезең өз мәресіне жетті.
Шара барысында өңірдің әр ауданынан келген берекелі әулеттер марапатталып, елге үлгі ретінде таныстырылды.
Байқаудың басты марапаты – облыстық кезеңнің жеңімпазы атағы Әулиекөл ауданынан келген Эгамбердиевтер отбасына бұйырды. Бұл әулет көпбалалы, үлгілі әрі ортасына сыйлы жанұя.
Отбасының анасы Қарлыға Сұлтанқызы – аудандық Аналар кеңесінің белсенді мүшесі, қоғамдық шаралардың алдыңғы қатарында жүретін жан. Қай істің де басы-қасынан табылып, өзгелерге үлгі болып келеді. Отағасы Жиянбай Қуанышұлы дәнекерлеуші мамандығын игерген, алайда денсаулығына байланысты сүйікті ісімен айналыспайды. Дегенмен шаңырақтың берекесін сақтап, ұрпақ тәрбиесіне бар жан-тәнімен үлес қосып отыр. Анасы болса аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде санитар болып еңбек етуде.
Эгамбердиевтердің балалары ата-анасының еңбекқорлығын, ізгілігін бойына сіңіріп өскен. Үлкен ұлдары Ерғали – жоғары санатты травматолог-ортопед дәрігер, ел арасында қадірлі азамат. Қызы Шолпанай – «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеленушілердің сүйікті ұстазы. Жарқынай – аудандық емханада медбике болып еңбек етеді. Ақмарал – Астанадағы Еуразия университетінің үздік студенттерінің бірі. Кенже қызы Ақбота – Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 10-сыныбында оқиды, облыстық олимпиадалардың жүлдегері атанып үлгерген, болашақ ғалым болуға талпынып жүр.
– Әулиекөл ауданына Өзбекстан жерінен 23 жыл бұрын көшіп келген едік. Қасиетті Әулиекөлдің топырағына сіңісіп, бізді бауырына басты. Халқы тамаша, кеңпейіл. Осында ұрпағымызды өрбітіп, қыз ұзатып, ұл үйлендіріп, құдандалы болып отырмыз. Келген күннен бастап еңбек етіп, балаларымызды жеткіздік. Енді олардың жетістігіне қуанамыз, – дейді отанасы Қарлыға Сұлтанқызы.
Эгамбердиевтер отбасының өнегесі – елге үлгі. Қиындыққа мойымай, берекелі шаңырақ құрып, балаларын тәрбиелеп, қоғамға пайдалы азамат етіп өсірген жанұяның еңбегі – құрметке лайық. Енді Эгамбердиевтер әулеті Қостанай облысының намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!