Ұрпақ тәрбиесі – басты байлық
Дата: 25.11.2025 Рубрика: По родному краю
0
44
0

Ұлттың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Ал жақсы тәрбие тамыры терең құндылықтардан, ата салт пен ана өнегесінен бастау алады. Осы қағиданы берік ұстанған Рудный қаласындағы «Ата жолы, ана ұлағаты» еріктілер тобы 2022 жылдан бері текті мінезді, елжанды ұрпақ қалыптастыру жолында табанды еңбек етіп келеді.
Еріктілер тобының басты мақсаты – ұлттық тәрбиені кеңінен насихаттау, жас буынның бойына адамгершілік, ізгілік, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық секілді құндылықтарды сіңіру. Осы бағытта олар мектептерде тәрбие сағаттарын өткізіп, ұлттық ойындарды дәріптеп, салт-дәстүр сабақтарын ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, ата-әжелермен кездесулер, шежіре сағаттары, қолөнермен және ұлттық өнермен таныстыру сияқты түрлі тәрбиелік жобалар жүзеге асырылуда.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Рудныйлық ата-әжелерден құрылған бұл топ – ұлттық тілді кітапхана оқырмандары арасынан құрылған, елге жанашыр жандардың басын қосқан рухани ұйым. Ұлттың ұстыны саналатын тәрбие мәселесіне бейжай қарамайтын, ұрпақ болашағына алаңдаған еріктілердің бастамасы бүгінде көптеген мектептер мен білім ошақтарына рухани серпін беріп отыр.
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген аталы сөзді негізгі бағыт ретінде алған топ мүшелері жасөспірімдермен тұрақты түрде кездесулер өткізіп келеді. Әсіресе қыз баланың тұлғалық қалыптасуы, оның мінез-құлқы, рухани болмысы мен қоғамдағы орны кеңінен түсіндіріліп, салт-дәстүрге сай тәлім беріледі.
«Қазақ қызы қандай болу керек? Оның өмірге дайындығы қалай қалыптасады? Тектілік пен тәрбие қандай негіздерден бастау алады?» деген сұрақтар төңірегінде топ мүшелері жас буынмен ашық әңгіме жүргізеді.
Жасөспірімдерге «әдеп», «тәртіп», «тыйым» ұғымдарының мағынасы терең жеткізіп, ұлттық дүниетанымдағы қыз баланың ар-намысы мен жауапкершілігі түсіндіріледі. Топ құрамындағы әр жанның өмірлік тәжірибесі де жетерлік. Әрқайсысы – отыз жылдан астам уақытын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаздар, өмір көрген дана жандар. Олар саналы ғұмырында жинаған тәлімін бүгінгі жас буынға жеткізуді азаматтық парыз деп біледі. Әжелер мен аталар балалармен жүздескен сайын өмірден түйгендерін айтып, өнегелі әңгіме өрбітеді, салт-дәстүрдің сырын түсіндіріп, ұлттық рухты қалыптастырудың маңызын алға тартады.
Олардың әрбір ақылы – даналықтың қайнары, әрбір ақ батасы – жас жүректерге бағыт-бағдар болатын рухани күш. Сол себепті де бұл топтың жұмысы саналы, иманды, ұлттық болмысын таныған ұрпақ тәрбиелеуде айрықша орын алып келеді.
Отбасы – Отанның бастауы
Топ жұмысының маңызды бағыттарының бірі – отбасы құндылықтарын насихаттау. Кітапхана жанында өткізілген кездесулерде, өзге де бас қосуларда ата-ана рөлінің биіктігін, ұрпақ тәрбиесіндегі кейбір кемшіліктердің себептері зерделенді. Әрбірі ой қосып, ақылын айтады. Мұның бәрі де бүгінде керек.
«Отан отбасынан басталады. Ата-анасын мақтан тұта алмаған бала отанын да қадірлей алмайды», – дейді топ мүшелері.
Ұл бала – әкенің айнасы, қыз бала – ананың абыройы. Сондықтан әр ата-ана өз өнегесі арқылы ғана бала санасына ізгілік дәнін себеді. Халық даналығында айтылған: «Ұл өсірсең – ұлы жақсымен көрші бол, қыз өсірсең – қызы жақсымен көрші бол» деген сөздің мәнін жастарға түсіндіру – аталық-әжелік аманат.
Біздің жастар балқып тұрған қорғасын тәрізді: қандай қалыпқа құйсақ, дәл солай қатаяды. Сондықтан ата-ананың сөзі ғана емес, ісі де үлгі болуы тиіс. Баланың көрген тәрбиесі – оның келешек болмысының іргетасы.
Ұлағатты ұрпақ – ұлттың асыл жемісі
Тәрбиесі кемшін ұрпақтан кемел қоғам қалыптаспайды. «Ата жолы, ана ұлағаты» тобының басты мақсаты – санасы ұлттық құндылықпен суарылған, елін сүйетін, тілін құрметтейтін, салт-дәстүрін дәріптейтін өрендерді тәрбиелеуге үлес қосу.
– Ертеңіміз ертегідей әсем болсын десек, отбасыдағы ынтымақ, бірлік күндей ыстық, айдай жарық, көктемдей көркем болуы керек. Мұның бәрін бере алатын – ең алдымен ата-ана, – дейді топтың белсенді мүшесі, зейнеткер Данагүл Серікбаева.
Данагүл апайымыздың өзі төрт баланың анасы және он немеренің әжесі. Оның өмірлік тәжірибесі мен даналығы жас ұрпаққа берер тағылымның мол екенін көрсетеді. Данагүл апайдың айтуынша, ұрпақ тәрбиесін бүгін дұрыс жолға қоймасақ, ертеңгі қоғамнан салмақты өзгеріс күту қиын.
«Ата жолы, ана ұлағаты» тобы – ұлттық тәрбиеге жанашырлықпен қарайтын азаматтардың өз бастамасымен құрылған, жүректен шыққан қозғалыс. Олардың атқарып жүрген қызметі – жалаң сөз емес, нақты іс. Жастармен жүздесу, мектептерге барып тәрбие сағаттарын өткізу, ата-анаға бағыт-бағдар беру, ұлттық сананы жаңғырту – ұлт болашағына бағытталған қадам.
Ұлтты сақтайтын – тәрбие. Тәрбиені сақтайтын – ата-ана.
Ал ата-ананың тірегі – ұлағатты ата-әже. Осы үштаған мықты болғанда ғана болашақ бұлыңғыр емес, жарық болмақ.
Рудный қаласы

Комментарии