Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Шекелік – самайға тағылатын әшекей

Дата: 09.09.2025 Рубрика: По родному краю
65
0
Шекелік – самайға тағылатын әшекей
Наурыз мерекесінде біз сынып болып ұлттық киім кидік. Менің бас киімімнің жанына әдемі күміс әшекей ілінді.
Ол сылдырлап, самайыма түсіп тұрды. Мұны көріп мен әжемнен сұрадым:
«Әже, бұл әшекей қалай аталады?»,  – деген едім.Әжем күлімсіреп: «Бұл – шекелік. Қазақ қыздарының сәндік әшекейінің бірі. Бұрыннан келе жатқан дәстүрлі бұйымымыз» – деп әңгімесін бастап кетті.
Шекелік көбінесе сәукеле, тақия, бөрік сияқты бас киімдердің екі жағына тағылады. Ол күмістен, алтыннан жасалып, асыл тастармен безендіріледі. Кейде моншақтар мен шынжырлармен әдеміленеді. Шекеліктің басты мақсаты – бас киімді көріктендіру және қыз-келіншектің сымбатын арттыру.
Әжемнің айтуынша, шекеліктің сылдырлаған нәзік дыбысы қыздың жүрісіне әсемдік қосады екен. Бұл әшекей тек сән үшін емес, қыздың салтанаты мен мәртебесін көрсететін бұйым саналған.
Наурызда таққан сол әшекей арқылы мен халқымыздың әдемі дәстүрін, әйел затының сұлулығын дәріптеген даналығын түсіндім. Шекелік – тек әшекей ғана емес, ата-бабамыздың талғамы мен өнерінің айғағы.
Айсана Асқар, оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!