Жеті шелпектің мәні неде?
Дата: 09.09.2025 Рубрика: По родному краю
0
122
0

Менің әжем жұма сайын жеті шелпек пісіріп тұрады. Әр шелпек дайын болғанда ол маған: «Балаларым, бұл – ата-бабамыздың дәстүрі. Өлі разы болмай, тірі байымайды. Сондықтан шелпек пісіріп, дұға оқимыз» – деп әңгімелеп береді.
Этнограф Болат Бопайұлы да жеті шелпектің мәнін осылай түсіндіреді. Оның айтуынша, жеті шелпек – жеті ата аруағына бағышталған дәм. Қазақ халқы ежелден жеті санын қасиетті деп білген. Себебі, жеті қат көк, жеті қат жер, жеті ата, жеті күн деген ұғымдар бар. Сол себепті жұма күні жеті шелпек пісіріп, дұға жасап, ақ бата алу – халқымыздың ежелгі дәстүрі.
Әжем айтқандай, бұл дәстүр арқылы біз өткенді ұмытпаймыз, ата-бабамыздың рухын еске аламыз. Қазақ халқы әрқашан ата дәстүрін сақтап, екі дүниенің де қадірін білген дана халық.
Комментарии


