Атамнан алған көрімдігім
Дата: 09.09.2025 Рубрика: По родному краю
0
64
0

Қазақ халқы қашан да қуанышты сәттерін салт-дәстүрмен әрлеп өткізген. Солардың бірі – көрімдік дәстүрі.
Көрімдік – қуанышты жаңалықты бөліскенде, жақсы тілектің нышаны ретінде берілетін сый. Мәселен, нәресте дүниеге келгенде, жас келін түскенде немесе қыз жасауын көрсеткенде: «Көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз!» деп, әдемі қалжыңмен кәде сұрайтын әдет бар. Қазір тіпті жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алған жастар да туыстарынан көрімдік сұрайды.
Мен үшін де осындай бір ерекше сәт болды. Сабақта үздік бағалар алып, жетістігімді көрсеткенімде, атам қуанып: «Жарайсың, балам! Бұл еңбегіңе көрімдігім болсын», – деп маған сыйлық берді.
Атамның берген көрімдігі – мен үшін жай ғана сыйлық емес, еңбек пен табысымды бағалаған үлкен мәртебе болды.
Көрімдік – халқымыздың сыйластық пен қуанышты бөлісу дәстүрін сақтап келе жатқан тамаша ғұрпы. Ол әрбір жетістікке жігер беріп, алдағы күнге ынталандырады.
Айсана Бақытқали, оқушы
Комментарии


