Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Асар – бірліктің белгісі

Дата: 09.09.2025 Рубрика: По родному краю
62
0
Асар – бірліктің белгісі
Қазақ халқы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған. Ертеден-ақ ел ішінде үлкен жұмыстарды бірге атқарудың жақсы дәстүрі болған. Ол – асар деп аталады.
Асар – үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, егін ору, шөп шабу сияқты көп күшті қажет ететін шаруаларды ауылдастар мен туыстардың бірлесе атқаруы. Халық арасында асардың тағы бір атауы – үме немесе серне. Асарға келгендер ешқашан ақы сұрамайды. Көмек көрсеткені үшін үй иесі дастарқан жайып, алғысын білдіреді.
Жақында біз де досымыздың үйіне көмектесуге бардық. Бәріміз бірігіп, жұмысты тез әрі көңілді атқардық. Сонда досымыздың анасы күліп: «Бұл – нағыз асар ғой!» – деді.
Сол сәтте біз халқымыздың дәстүрін іс жүзінде сезіндік. Асар – тек жұмыс емес, ол достықтың, туыстықтың, ынтымақ пен берекенің көрінісі.
Айгүл Әбділда, оқушы
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!