«Абай мұрасы – қазақ поэзиясының шыңы»
Дата: 29.04.2025 Рубрика: По родному краю
0
212
0

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – қазақ поэзиясының шыңы» атты қалалық Абай оқулары байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқырмандарға ақынның даналығын, асыл мұрасын насихаттап кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Өмірде екі түрлі байлық болса – бірі материалдық , екіншісі – рухани байлық. Ал рухани даму – қажеттілік.
Бұл байлық адам бойына кітап арқылы дариды. Абай атамыздың өзі айтқандай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» аталған іс-шараға арнайы кітап көрмесі дайындалып, зал тақырыпқа сай безендірілді. Ең алдымен кітап көрмесімен таныстырылып, ұлы ақынның өмір жолына шолу жасалды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясын А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушысы Берікқызы Інжу, «Білімдіден шыққын сөз» номинациясын Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының 5 сынып оқушысы Айбибі Кәки, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясын № 8 негізгі орта мектебінің 5 сынып оқушысы Аяулым Мұхамбетжанова иеленді. «Қара сөзді қадірлеген» номинациясын Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Гүлдана Қожагелді және Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 6 сынып оқушысы Асылым Нұрхан иеленсе, «Көркем сөз шебері» номинациясын Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Назым Абзалқызы және Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Гүлбазар Төлеу иеленді. «Көрермен көзайымы» номинациясын А.Құнанбаев атындағы мектеп гимназиясының 3 сынып оқушысы Айзере Думанова және А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының 4 сынып оқушысы Інжу Құлмұрат иеленді. Байқау жеңімпаздары сыйлықтарға ие болып, барлық қатысушылар, ұстаздар дипломдармен марапатталды.
Елзада Қабдыбек,
№ 2 ОӘҒК балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері
Комментарии


