Жел турбиналары - электроэнергия көзі
Дата: 22.04.2025 Рубрика: По родному краю
0
275
0

Адамзат тарихындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – электр энергиясын ойлап тапқаны. Электр қуатынсыз біздің өмірімізді елестету мүмкін емес.
Бұл тақырыпты Аманкелді ауданы, Үрпек ауылы Жанаауыл жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Зауш Інжу зерттеп жүр. Жас ғалымға бірнеше сұрақтар қойған едік.
Бұл тақырыпты Аманкелді ауданы, Үрпек ауылы Жанаауыл жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Зауш Інжу зерттеп жүр. Жас ғалымға бірнеше сұрақтар қойған едік.
– Інжу, жалпы, елімізде электр қуатының тапшылығы бар ма?
– Қазіргі уақытта электр энергиясын тұтыну күн сайын артып келеді, біздің планетамыздың ресурстары азайды және экологиялық таза энергия түрлерін пайдалану туралы мәселе туындайды. Жалпы, елімізде электр қуатының тапшылығы бар, бұл энергетика саласын осал етеді. Болашақта энергия ташылығы болуы ықтимал. Энергияны мұнай мен көмірден алатыны белгілі. Алайда энергияны осы жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесі көтеріліп қарастырылып жатыр. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді. Бұл су, күн жел энергиясы. Егер біз Қазақстан территориясының климатына назар аударатын болсақ: күн энергиясын қолдану үшін күн сәулесі көп түсетін оңтүстік жақтарына қолайлы. Гидроэлекторостанция салу үшін сарқырама немесе судың жылдамдығы басым болу керек. Қазақстанның оңтүстік және шығыс бөлігінде таулы рельефтері бар жерлерге қолайлы. Жел энергиясы немесе жел турбиналары біздің табиғатымызға ең қолайлы жер.
– Ауылдарда қазір жие жарық болмайтыны кездеседі. Осындай жел электростанциясын ауылда салуға бола ма ? Және жел электростанциясы қоршаған ортаға зиян тигізбейді ме? Су тасқыны кезінде жел энергиясының ауылыма пайдасы болады ма?
– Біздің ауылда жылдың төрт мезгілінде де желді күндеріміз көп болады. Желдің жылдамдығы орташа есеппен 6-7 м/сек көрсетіп тұрады. Жел турбинасы үшін желдің орташа жылдамдығы 4,5-5 м /с кем болмауы керек, тек осы жағдайда жел турбинасы бар құрылымды орнату қарастырылған. Жел турбиналар туралы бастапқы мәліметтермен танысу үшін Арқалық қаласында орналасқан жел турбина станциясына барып, бас маман Е.С.Әбішевпен кездесіп, сұрақтарыма жауап алдым. Арқалық қаласында орналасқан 10-жел құрылғыларының қуаты – 48 мегаватт. Бұл облыстың оңтүстік өңірін электр энергиямен қамтуға артығымен жетеді екен. Жел құрылымдар табиғатқа зиян тигізбейді, ауаға улы газдар мен қара түтін шығармайды. Үлкен қалақтар арқылы желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдырады. Менің есебім бойынша біздің ауылымызға сонымен қатар маңайында орналысқан шағын мөлтек ауылдарын толық энергиямен қамтамасыз ету үшін шамамен 4 КВт өндіре алатын шағын 2 жел турбинасы қажет.
– Бұл проект ауыл тұрғындарына энергиямен қамтамасыз етудің экологиялық және экономикалық тиімді әдісі бола алады ма?
– Жел энергиясы тек күнделікті қолдануда ғана емес, су тасқыны сияқты төтенше жағдайларда да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз белгілі. Табиғи апаттар кезінде жел турбиналары тұрақты және экологиялық таза энергия көзі ретінде үлкен пайда әкелуі мүмкін. Олар төтенше жағдайларда энергиямен қамтамасыз ету, суды айдау, байланыс жүйелерін қолдану және қалпына келтіру жұмыстарына көмектеседі. Бұл технология табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және ауылдардың энергияға деген тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Комментарии


