Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балаға қолдау бізден

Дата: 30.04.2020 Рубрика: Патриот
482
0
Балаға қолдау бізден
«Әне-міне дегенше, екі апта да өте шықты. Сараптай қарасам, оқушыларым үйреніп қалды. Сабақ басталмас бұрын ата-аналарымен алдын ала түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ZOOM платформасында ата-аналар жиналысын өткіздім. Жетекшілік ететін сыныпта оқушыларды интернет желісімен, смартфондармен қамту бойынша ешқандай мәселе туындаған жоқ. Қазіргі уақытта олар кесте бойынша «Балапан» телеарнасынан қосымша бейне сабақтарды көреді. Бір жағынан мұғалімдерге жасалған жеңілдік деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік. Қашықтан білім беруге қазақ тілі және әдебиет сабақтарымда «Bilimland», «Daryn.online», «Күнделік» т.б аталған ресурстарды қолданып өткіземін. Оқушыларға да алғашқы қадам болған соң ба, әлде қызық көрінді ме, сабаққа белсене атсалысуда. Олардың басым көпшілігі берілген ресурстарды қарап, жаңа сабақ бойынша пікірлерін айтуда. Барлық оқушылар уақыттарын үйлестіріп, сабақтарға мұқият қатысып отырады. – Жаңа жүйемен оқытқан сабағыма оқушыларым жақсы қатысып отырады. Жазба жұмыстарын өздерінің жұмыс дәптерлеріне орындап, маған суретке түсіріп жібереді. Мен жұмыстарын тексеріп, кері байланысқа шығамын. Бір үйде бірнеше баласы бар ата-аналарға үй тапсырмасын келесі сабаққа дейін жіберуге мүмкіндік бердік. Осы орайда елдегі күрделі жағдайға өз тарапымыздан қолдан келгенше түсіністікпен қарап, қолдау керекпіз. Ең бастысы, үйде болып,  өзіміздің және балаларымыздың денсаулығын ойлағанымыз абзал. Балаға да қолдау көрсетіп, олардың жақсы азамат болуына жол ашайық, – дейді Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Күлжаш Шарипова.  

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!