Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұстаздың еңбегі ерен

Дата: 30.04.2020 Рубрика: Патриот
557
0
Ұстаздың еңбегі ерен
Елде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты, білім беру саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, оқушылардың қашықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі. Әрине, мұндай сын сағаттың туатынын ешкім күткен жоқ. Бірақ жаңа жүйені ұстаздар да, оқушылар да игеріп әкетті. Осы орайда ата-аналар №24 мектеп-гимназияның ұстаздарына алғыс айтады. «Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгідей қиын-қыстау заманда балаларымызға қашықтан білім беру арқылы көштен қалдырмай келе жатқан №24 мектепгимназияның 4 «ә» сыныбының жетекшісі Меруерт Темірқызына бар тәлімін арнап, төзімділік танытқаны үшін барша сыныптың ата-аналарының атынан айрықша алғысымызды білдіреміз! Меруерт апай, төрт жыл бойы балаларымызға бар білімін беріп, тәрбие көрсетіп келеді. Биыл өзінің аталған бастауыш сыныбымен қош айтыспақшы. Ұл-қыздарымыздың сүйікті апайымыздан алған тәлім-тәрбиесі алдағы күні мол азық, үлкен жүк болатынына сенімдіміз. Келешекте де ақылды, зерек оқушыларының көп болуына тілектеспіз! Ағылшын тілі, орыс тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өзін-өзі тану, музыка, көркем еңбек, денешынықтыру пәндерінен сабақ беретін мұғалімдеріміздің күн-түн демей, балаға қашықтықтан қалай да білім беру керекпіз деген ынта-ниетпен өз жұмыстарына кірісіп кеткенін де байқадық. Сонымен қатар, әр баламен тікелей байланыста отырған барлық ұстаздарымыздың атқарып жатқан істеріне, жылдам әрі жүйелі жұмыстарына ризашылығымызды білдіреміз. Баланың бойында патриоттық рух, елге деген сүйіспеншілік осылай қалыптасады емес пе. Апайымыздың шәкірт жанында тапсырманы түсініп, орындап жазғанына не жетсін! «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейді ғой дана халқымыз. Біз сіздермен біргеміз!» – дейді ата-аналар. «Әне-міне дегенше, екі апта да өте шықты. Сараптай қарасам, оқушыларым үйреніп қалды. Сабақ басталмас бұрын ата-аналарымен алдын ала түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ZOOM платформасында ата-аналар жиналысын өткіздім. Жетекшілік ететін сыныпта оқушыларды интернет желісімен, смартфондармен қамту бойынша ешқандай мәселе туындаған жоқ. Қазіргі уақытта олар кесте бойынша «Балапан» телеарнасынан қосымша бейне сабақтарды көреді. Бір жағынан мұғалімдерге жасалған жеңілдік деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік. Қашықтан білім беруге қазақ тілі және әдебиет сабақтарымда «Bilimland», «Daryn.online», «Күнделік» т.б аталған ресурстарды қолданып өткіземін. Оқушыларға да алғашқы қадам болған соң ба, әлде қызық көрінді ме, сабаққа белсене атсалысуда. Олардың басым көпшілігі берілген ресурстарды қарап, жаңа сабақ бойынша пікірлерін айтуда. Барлық оқушылар уақыттарын үйлестіріп, сабақтарға мұқият қатысып отырады. – Жаңа жүйемен оқытқан сабағыма оқушыларым жақсы қатысып отырады. Жазба жұмыстарын өздерінің жұмыс дәптерлеріне орындап, маған суретке түсіріп жібереді. Мен жұмыстарын тексеріп, кері байланысқа шығамын. Бір үйде бірнеше баласы бар ата-аналарға үй тапсырмасын келесі сабаққа дейін жіберуге мүмкіндік бердік. Осы орайда елдегі күрделі жағдайға өз тарапымыздан қолдан келгенше түсіністікпен қарап, қолдау керекпіз. Ең бастысы, үйде болып, өзіміздің және балаларымыздың денсаулығын ойлағанымыз абзал. Балаға да қолдау көрсетіп, олардың жақсы азамат болуына жол ашайық, – дейді Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Күлжаш Шарипова.

Бетті әзірлеген Аружан БАҚЫТ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!