Отан отбасынан басталады
Күн көктемше жарқырап тұр, оның жылы сәулелері маған бір жанның нәзік қолдарын еске түсірді. Өмірдің алғашқы минутынан бастап біз осы жанның жылуы және қамқорлығымен қоршаламыз. Ол жан – ана. Ана – әлемдегі ең әдемі сөз. Бұл сөз әлемнің барлық тілдерінде бірдей ерекше естіледі. Менің анамның есімі - Айсұлу. Бұл есім ай сұлулығы, ай қызы деген мағынаны білдіреді. Менің анашым расында да өте сұлу, әдемі, мейірімді, байсалды, батыл әрі нәзік. Мен оның қалай соншалық әртүрлі бола алатына таң қаламын және таңданамын. Маған оның үй ішінде сыңғырлаған күлкісі ұнайды. Мен анамды ренжітпеуге тырысамын. Менің үй міндеттерім бар және мен анама көмектесуге қуаныштымын, өйткені әйел адамның қанша шаруа-уайымы бар екенін түсінемін. Менің анашымның ең мейірімді және жұмсақ қолдары бар, оның қолдарынан бәрі келеді. Ең адал және жанашыр жүрегі бар – онда ешқашан махаббат өшпейді, ол ештеңеге бей-жай қарамайды. «Отан отбасынан басталады» дегендей әр балаға патриоттық сезімді аналары үйретіп, нағыз азамат болуға бастайды. Анаға деген сүйіспеншілігіңіз неғұрлым көп болса, өміріңіз соғұрлым қуанышты және жарқын болады.
Әмір Сайранов,
М. Сералин атындағы жалпы
білім беретін мектептін
5 сынып оқушысы.
Қарабалық ауданы
Комментарии