Көктем келді құлпырып
Міне, көптен күткен көктем де келді. Ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана дүниедегі ең ардақты жан. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін жан. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
- Ананың мейірімі, ананың алақаны кімге болсада қымбат. Бізді дүниеге әкеліп, жарық күн сыйлаған аналарымызға алғысымыз шексіз. Бізді адам болсыншы, аман болсыншы деп, түн ұйқымызды, күн күлкімізді күзеткен аналарымыздан асқан байлық жоқ шығар. Біздің балғындар көктем мерекесін барынша әсерлі етіп өткізді. Олардың бойында анаға, елге деген құрметті осындай кезден үйрету керек деп ойлаймын, - дейді «Жұпар» балабақшасы I санатты тәрбиешісі Кенжегүл Сембина.
Комментарии