Дарынды бала
Елімізде оқушылардың ғылыми бағытта дамуы үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Солардың бірі республикалық ғылыми жобалар сайысы. Аталмыш жобаға біздің облыстан талай оқушылар қатысып өздерінің сан алуан идеяларымен бөліскен болатын. Солардың бірі - «Озат» МАТМЛИ 10-сынып оқушысы Шаяхмет Қайрат.
Қайрат өзінің шығармашылығымен мектеп оқушылары арасында ерекшелінп тұратын оқушылардың бірі. Ол өз талантын тек мектеп оқушылары арасында ғана емес республика деңгейінде де дәлелдей білді.
Қайрат ғылыми жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Гаппаров Жахонгир екеуі электр генераторын жасау тақырыбы бойынша «Техника» секциясында байқауға қатысып, оқушылардың практикалық конференцияның республикалық кезеңінің 1-ші орын жүлдегері атанды. Осындай білімді балалар көп болсын.
Комментарии