Мектеп мақтанышы
«Бүгінгі күн кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», деп бекер айтпаған. Қай мемлекеттің болсын ертеңі білімді жастардың қолында. Жас ұрпақ-жеке адамның ғана емес, ұлт пен елдің ертеңі, болашақтың мұрагері. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, олардың қабілетін анықтап, жас бүлдіршіндердің көзін ашу ұстаз шеберлігі. Әр адамның бойында табиғи қабілеті болады, тек дер кезінде бақылап, дұрыс бағытқа бейімдеуі қажет.
-Мен өз тәжірибемде талапты балаларға көп көңіл бөлемін. Соның бірі болашағы зор, болашақ суретші Шалқар Еркеш. Шалқар оқыған ертегілерін, әңгімелерін, сабақ барысында түсінгенін сурет арқылы жеткізіп отырады. Бірнеше сайыстарға қатысып, жүлделерге ие болды. Мектебімізде осы шәкіртіме арнап «Талабыңа нұр жаусын!» атты бұрыш ұйымдастырылды. Мектеп мақтанышы Шалқарға жетістіктерің көп болсын деп ақ жол тілеймін, - дейді Әулиекөл бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Нысанбаева.
Комментарии