Сүйікті ұстазым
Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасаң, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міңдеттіміз. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам ол - ұстаз. Ендеше осы ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкірттерінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем, деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын сүйікті ұстазы болады. Ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Мысалға, менің сүйікті ұстазым, яғни сынып жетекшім Ақсымбат Жапарова. Ол кісі өз мамандығын сүйіп, сабаққа жан-жақты дайындықпен келеді. Биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Әр сабағын тартымды әрі қызықты қылып өткізеді. Оқушыны сабаққа қызықтыру мақсатында сыныпта әр түрлі іс шараларды жиі өткізеді.
Сынып жетекшім бізге білім беруге, ой пікірімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап атсалысады. Білгенін үйретеді. Оқушының жаманын жасырып, жақсысын асырады. Сондықтан да ұстаз деген ұлы есімді - мәңгілік қастерлеп өтемін. Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай «өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі». Мен өзімнің сүйікті ұстазыма шығармашылық табыс тілеймін.
Ясмина Құмар,
Заречный орта мектебінің 2 «Ә»сынып оқушысы.
Қостанай ауданы
Комментарии