Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Армансыз адам болмайды

Дата: 09.03.2021 Рубрика: Патриот
1163
0
Армансыз адам болмайды

Мен Қибаш Бекзат мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушысымын. Мен өз мақаламда болашақтағы жоспарым мен арманым жайлы айтқым келеді.

Әр адамның ойында шексіз өз арманы, қиялы болады. Сол арманы адамды дамытып, болашаққа жетелейді. Дәл солай, менің де үлкен бір арманым бар, ол – өрт сөндіруші болу, еліме пайдамды тигізу. Себебі қазіргі уақытта көптеген ормандар, ағаштар және үйлер өртеніп жатыр. Сонымен қатар сол өрттің салдарынан ата-аналар мен олардың кішкентай балалары да зардап шегуде. Адамдар үйсіз қалып, көп қиналып жүр. Мен соларға көмектескім келеді, жаным ашиды.

Өрт сөндіруші болу үшін адамға батылдық керек, ештеңеден қорықпауы керек. Мен өзімнің бойымда ондай қасиеттің бар екенін білемін. Маған үйде ата-анам, мектепте бізге ұстазымыз Әмина апай үнемі өрттен сақтану туралы көп әңгімелер айтып отырады. Отпен ойнамаңдар, сіріңке ұстамаңдар деп ескертіп айтады. Мен ата-анамнан, апайымнан естігенімді ауладағы достарыма үнемі айтып жүремін. Мен өрт бола қалған жағдайда 101-ге қоңырау шалу керек екенін де білемін.

Сондықтан өскенде өрт сөндіруші болғым келеді. Ата-анамды қуантып, елге көмегімді берсем деймін. Өрттің болмауын қадағалаймын. Өрт сөндіруші боламын деп нық сеніммен айта аламын.

Бекзат Қибаш,

мемлекеттік тілде оқытатын

Заречный орта мектебінің 4 « Б» сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!