Кітап - алтын қазына
Мен кішкентай кезімнен кітапты өте қатты жақсы көрдім. Алғашқы кітапшаларым түрлі-түсті, үлкен әріптермен жазылған болатын. Анам мен әжем маған ертегі оқып, кітапқа деген қызығушылығымды оятты. Мектеп табалдырығын аттағаннан кейін кітап оқуға деген құштарлығым арта түсті. Әртүрлі ертегілер оқи бастадым.
Кітап оқу арқылы біз әлемді танып, болашақта бізге азық болатын білім аламыз. Қазіргі уақытта әдеби кітаптарды көп оқимын. Әдеби шығармалар көптеген адам сезімдерін сипаттайды, жақсы және жаман қылықтарын көрсетеді, шындықты өтіріктен ажыратуға үйретеді.
Оқумен айналысқан кезде біз терең ойлана бастаймыз, өзіміз үшін жаңа нәрсе білеміз, сондықтан білім көкжиегімізді және қорымызды кеңейтеміз. Оқу арқылы біз жадымызды жаттықтырамыз. Кітаптар бізді жаңа сөздермен байытады.
Қазіргі кезде балалар кітап оқудан гөрі телефон, планшет немесе компьютер ойнағанды жақсы көреді. Бұл әрекет бала денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Сондықтан, мен өз құрдастарымды, сыныптастарымды кітап оқуға шақырамын. Кітаптар әлемі жағымды эмоциялар береді, ой-өрістерін кеңейтеді, ішкі әлемді толтырады. Компьютер мен теледидар жүйке жүйесіне көп әсер етеді, ал кітаптар тыныштандырады. Нұрсұлтан Назарбаев атамыз айтқандай: «Білім—кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады»-деп бекер айтпаған.
Қазақстанның болашағын басқаратын білімді ұрпақ болғыларың келсе, кітап оқып, маған қосылыңдар!
Айбике Тажикова,
Әулиекөл бастауыш мектебінің 2 «а» сынып оқушысы.
Комментарии