Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жаңалық жаршысы

Дата: 02.03.2021 Рубрика: Патриот
378
0
Жаңалық жаршысы
Алтын дала ауылдық кітапханасында  «Алтын дала жарғысы» атты квартал сайын шығатын газеті жарық көрді. «Кітапхананың жас достары» үйірмесінің мүшелерімен ақылдасып, газеттің рубрикасы белгіленді. Газет беттерінен әдеби даталар, кітапхана өмірі, ауыл жаңалықтары, мектеп өмірі, қызықты мәліметтер, сөзжұмбақтар сонымен қатар оқырмандардың шығармашылымен танысуға болады.
-Мысалы газеттің екінші саны «Ұрпаққа ұран болған – ұлы Жеңіс» атты тақырыппен түгелдей Ұлы Жеңістің-75 жылдығына арналды. Газет беттерінен  ауылдас майдангерлердің өмірі, майдан даласындағы ерлігімен танысуға болады. Ауылдағы орта мектептің негізін қалаған Қадыр Каримовтың соғыстан кейінгі еңбегі, яғни ауылда мектеп ашу мәселесі қолға алынып, өз мақсатына жеткендігі жайлы айтылған. Қазіргі уақытта мектепке  Қ.Каримовтың есімі берілген. Оқырмандарға Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен әлемнің екінші ұстазы Әбу- Насыр Әл -Фарабидің 1150 жылдығына орай дайындалған беттері ұнады. Ұлы Абайдың өлеңдері оқырмандарды «Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап» деп әрбір тұлға өз-өзіне сенімді, білімді, қуатты болуға шақырады.  Сондай-ақ ауылда талантты жастар жетерлік, кітапхана оқырмандары Мұхамеджанов Дәуіттің «Қайран біздің, ағалар», Ерланқызы Айсұлудың «Махамбет», «Латын тілі» атты өлеңдері басылып шықты. Өлеңдердің мазмұны жастарға рух беріп, патриоттыққа жетелейді. Кітапханалық газеттің мазмұны өте қызықты. Оқырмандар кітаптар жайлы пікір қалдырып, өз ұсыныстарын да білдіріп отырады. Оқырмандарымды, оқушыларды кітапханалық газетті оқуға шақырамын, - дейді  кітапханашы Айткүл Кудесова.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!