Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жамбыл атамдай болсам

Дата: 02.03.2021 Рубрика: Патриот
362
0
Жамбыл атамдай болсам

Мен қазақ әдебиеті сабағын жақсы көремін. Қазақтың жазушы, жыраулары туралы көп оқып, олар жайлы көп мәлімет білгім келеді. Осындай атақты ақындарымыздың бірі Жамбыл Жабаев атамыз. Ол 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.

Жамбыл “Шағым”, “Жылқышы”, “Шәбденге”, “Сәт сайланарда”, “Өстепкеде”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық” сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Жамбыл 1945 жылғы мауысым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өткен.

Мен сияқты мектепте оқитын жас буынға Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мағынасы зор шара. Біз де өзіміздің алдымызда оқып бітірген балалар сияқты қазақ елінің атақты ақын-жазушылары жайлы әдебиет сабақтарынан оқып танимыз. Көптеген балаларға қызық болмаса да мен үшін Жамбыл Жабаев атамның орны бөлек. Ол кісінің әр өлеңін жаттап, оқып жүремін, мен де домбырада ойнап, өз жүрегімдегі ойларымды осындай өлеңдер арқылы қазақ халқына жеткізгім келеді.

Бітібай Санжар,

Мичурин орта мектебінің 7 «ә» сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!