Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Балғындарға базарлық

Дата: 02.03.2021 Рубрика: Патриот
445
0
Балғындарға базарлық

Ирина Деркач Константинов ауылының тумасы. Ол кісі 1964 жылы дүниеге келген. Ол кісі өте шебер. Қолынан шыққан заттарына барлығымыз қызығамыз, әсіресе балалар құмар. Оның туындыларына тәнті болып, таңдай қағатындар көп.

Қуыршақ көбімізге балалық шағымызды еске салады. Ирина қолынан шыққан әдемі ойыншықтарды тоқыма жолмен жасайды екен. Жастайынан әжесінен тоқыма қол өнерін үйренген. Кейін осы өнерін заман талабына сай жаңғырта отырып, қуыршақтардың түрлерін ойлап шығара бастаған. Оған барлық бала қызығады. Мұнда түрлі мультфильм кейіпкерлері бар. Ол оларды айнытпай тоқып отыратынын айтады. «Әрбір қыз бала кішкентай кезінде қуыршақ ойнап, оларға киім тігуге әуес болған шығар. Өзім қуыршақтарға киім тіккенді ерекше ұнататынмын, өзім тоқу білгендіктен, неге қуыршақтың өзін де тоқып үйренбеске деп ойладым», - дейді ол.

Қолдан тоқылған қуаршақтарына сұраныстың көп екенін, кей кезде тоқып үлгірмейтінін де айтты. Бүгінде тоқыма қуыршаққа деген сұраныс көп. Иринаның айтуынша, қолөнер шеберлігі шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Қазір компьютер заманы болса да бар бала тоқыма қуыршақпен ойнағанды жақсы көреді. «Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық» деген осы болар. Қуыршақ тоқудың хас шебері Ирина жұмысын бар ынтасымен тоқып, қуыршақтарға жан бітіріп, әр түсті жібек жіптермен көмкеріп, өз қиялындағы сиқырлы әлемге айналдыра білген. Күні бойы тапжылмай отырып, келістіріп, түрлі жіптен қуыршақ тоқып, тоқыма тоқу шебердің сүйікті ісі. Оның қолынан шыққан кішкентай қыздарға арналған тоқыма қуыршақтар көпшіліктің сұранысына ие, әсіресе, қала тұрғындары көп сұраныс білдіріп жатады екен.

Бүгінгі кейіпкеріміздің аталған өнері бойынша арнайы білімі жоқ. Десек те кәсіби шеберлерден асып түспесе кем емес. Алдағы уақытта ұлттық үлгідегі қуыршақтарды тоқып, көрмелерде көрсетіп, дүкендерде сұранысқа ие болса екен деген арманы бар.

Нұргүл Баяқанова,

Константинов ауылының кітапханашысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!