Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қыс қызығы тамаша

Дата: 02.03.2021 Рубрика: Патриот
500
0
Қыс қызығы тамаша
Табиғат туралы түсініктерін кеңейту, сурет салуда оқу қызметінде үйренген әдістерді қолдану арқылы жұмыс жасау баланың іскерлігін қалыптастырады. Жұмысты зейінмен орындау қабілетін арттыру, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу мақсатында «Балдырған» балабақшасының «Балапан» тобында әдемі шара өтті.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
-Балаларға топтың бір бұрышына қыс мезгілінің көрінісін жасап, қысқы ысқырық, аяздың дыбысын қосып, топқа кіргіздім. Ұйымдастырылғын сабақ сұрақ қою арқылы басталды. Олар қойған сұрақтарымның барлығына мүдірмей жауап берді. Қар салынған ыдыстарға бояулардан салып араластырды. Қардың түсі өзгергендігін және қандай түске бойалғанын  айтты. Тәжірибеміз аяқталған соң қайтадан қысқы орманға оралдық. Қысқы орманның ағаштарын трафарет арқылы салдық. Балалардың көңілдері көтерілді, - дейді тәрбиешісі Рахила Таймасова.

Аманкелді ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!