Киелі жерлер тарихы
Қостанай ауданы, Айсары орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» атты танымдық бейнесабақтар көрсетіліп, сынып сағаттары жиі өткізіліп тұрады. Мұндағы мақсат Қазақстанның рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру, патриоттықты, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін дамыту.
Қoстaнaй қaлaсындa қaзaқтың aсa көрнeкті aғaртушы-пeдaгoгы, жaзушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы мен кесенесі бар. Қостанай өлкесінде бабалар рухын қастерлеп, кесенелер салынып жатқаны өте қуантады. Ыбырай атаның ақ кірпіштен оюлап салынған аппақ кесенесі Ақтау қаласынан арнайы алдырылған, шеберлердің қолдарынан жасалған әрбір кірпіштің әсемдігі ерекше кесенеге сән беріп тұр. Кесененің бір жақ бетінде ақ мәрмәр тасқа жазылған «Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы – Ы.Алтынсарин» деп жазылған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған. Екінші жағында ұлы ұстаздың ашқан мектептерінің картасы мен «Бір құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық!» деп жазылған ұран сөзі тасқа қашалып жазылған. Ал мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, жеке заттары, Ы.Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Мұражайда көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ақындар, Алтынсарин мектептерінің түлектері туралы қызықты материалдар бар.
-Биыл Ыбырай атамыздың дүниеге келгеніне 180 жыл толмақ. Тұңғыш ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің құрметіне Айсары ОМ атамыздың өлеңдері мен әңгімелерінен жарыс сабақтары ұйымдастырылып, деректі фильмдер көрсетіліп, іс-шаралар атқарылып, тәрбие сағаттары да жоғары дәрежеде өтті. Бұл – атамызға деген зор құрмет пен үлкен сүйіспеншілік. Оқушылардың ой-өрісін, танымын арттыру, ұлы ұстаздың шығармашылығын оқи отырып, халықтық педагогика үлгісінде туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту, оқушылардың бойында ата-бабаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында үнемі сынып сағаттарында айтылып отырады, - дейді Айсары орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Е. Қайранова.
Комментарии