Білімды жастар мыңды жығады
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қорымен ұйымдастырылған "Елбасы медалі" жобасына қатысып, С.Мәуленов гимназиясының бірден төрт оқушысы жеңімпаз атанды. Бүгін біз жеңімпаздардың пікірлерін білген едік.
Нұргүл Ермағамбетова, 11 сынып оқушысы:
-Мен С.Мәуленов атындағы гимназияның 11 «А» сынып оқушысымын. Жаз айында «Елбасы Медалі» деген жоба іске қосылды. Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған. Мен де қатысуға бел будым, өйткені өзін-өзі ұйымдастыру - адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады.
Сондай-ақ жоба барысында барлық қатысушылардың өз тәлімгерлері болды. Менің тәлімгерім өте мейірімді, позитивті және жұмысқа ынталандырып отырды. Елена Кульгускинаға деген алғысым шексіз! Желтоқсан айында мен барлық бағыттар бойынша тапсырмаларымды орындап, қаңтарда қола медаль иегері екенімді білдім.
Гүлназ Кәрімова, 10 сынып оқушысы:
-Мен «Ельбасы медалі» бағдарламасы туралы шілде айында білдім. Бағдарлама жастардың дамуына, алдағы уақытта жоо-на түсуіне көмектеседі. Бұл бағдарлама 7 бағыттан тұрады : «Спорт және денешынықтыру», «Дарын мен дағды» сияқты жас шамасына қарай түрлі деңгейлері бар.
Менің тәлімгерім - Олжас Мамбетов, ол физика пәнінің мұғалімі. Осы 6 ай аралығында ол бізге қолдау көрсетіп,сұрақтарға жауап беріп, көмек берді. Жалпы бұл бағдарламаға қатысушыларға арнайы кәсіпкерлік тестті тегін өту, ораторлық, мобилография , лидерлік, қаржылық сауаттылық, тез оқу және тағы басқа бағыттардан видео сабақтар өткізілді, арнайы сертификаттар берді. Арнайы екі кітапша әрбір қатысушыға берілген болатын және кішігірім сыйлық ретінде кітап алдық.
Мен «Ельбасы медалі» бағдарламасында «Қола» деңгейді таңдаған болатынмын. Оны шілде-желтоқсан айлары аралығында өттім. Бұл бағдарлама жастарға үлкен көмек береді, ол арқылы мен өз білімімді жетілдіріп, қоршаған ортаға көмек бердім, оны қадірлеуді үйрендім, спортпен айналыстым, көптеген кітаптарды оқыдым.
Аружан Мырзахан, 10 сынып оқушысы:
-Мен «Ельбасы медалі» бағдарламасында «Қола» деңгейді таңдаған болатынмын. Оны мен шілде-желтоқсан айлары аралығында өттім. Бұл бағдарлама арқылы мен өз білімімді арттырдым, онымен қоса өзіме ұнайтын істермен осы жобаға көрсетіп бөлістім. Бұл жоба маған адамгершілік қасиетін үйретті, көптеген кітап, білім алып, жақсы жетістіктерге жеттім. Бұл жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Тіліңмен емес, біліміңмен жарысатын заманда жеке тұлға әрдайым алдына мақсат қойып, әрекет етуі керек деп есептеймін
Ақжүніс Әмірханқызы, 11 сынып оқушысы:
- «Ельбасы медалі» бағдарламасында «Қола» деңгейді таңдаған болатынмын. Бұл бағдарлама арқылы мен өз білімімді арттырдым. Сонымен қатар жақсы көретін істерммен айналасып, осы жобада көрсетіп бөлістім. Бұл жоба маған адамгершілік қасиетті үйретті, көптеген кітаптарды оқып, тәжіребие жинап, білім алып, жақсы жетістіктерге жеттім. Бұл жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Білімді мыңды жығатынын жастар түсінсе екен деймін.
Комментарии