Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біздің Томирис

Дата: 02.02.2021 Рубрика: Патриот
575
0
Біздің Томирис

Елімізде ынтымағы жараса бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың татулығы, бірлігі басқа мемлекеттерге үлгі. Кез келген ұлт үшін ең үлкен байлық оның ана тілі. Менің сыныбымда Томирис Орехова деген бала оқиды. Әкесі орыс болса, анасы қазақ. Тілі қазақша шыққан. Томирис бізге әр қашан анасы туралы ерекше құрметпен әңгімелейді. Өзінің қазақ тілін жетік білуіне анасы себепші болған. Өйткені анасы кішкентайынан ғибратты аңыз-әңгімелер, ертегілер айтып жақсы тәлім-тәрбие берген. Тіл адамға ана сүтімен беріледі дегендей «Маған қазақ тілі ана сүтімен берілген»-дейді Томиристің өзі.

Томирис Тәуелсіз қазақстанда қазақ тілінде білім алып жатқанына шексіз риза. Өзі сабағын жақсы оқиды. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Менің ойымша туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезінен басталуы керек деп ойлаймын. Қазір үш тілді білу - заман талабы. Егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын. Қазірге кезде өкінішке қарай ата-аналары қазақ болғанымен тілдері орысша шығып жатқан қара көздеріміз қаншама? Менің ойымша сыныптасым әрі досым Томирис соларға үлгі болса екен деймін.

 

Самира Галеева,

М. Сералин атындағы орта мектебінің

5 сынып оқушысы.

Қарабалық ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!