Әкеммен мақтанамын
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Біздің әкеміз біздің шаңырағымыздың тірегі. Әкеміз – отбасымыздың асыраушысы, отбасы мүшелеріміздің тірегі, қамқоршымыз. Ер бала яғни біз әкемізбен сырлас, жолдас, дос бола білуіміз керек. Яғни әрқашан бір әрекет жасамас бұрын, әуелі әкемізбен сырласамыз.
Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттеріміз: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау, парыздарымыз:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашан да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.
Әкем мені ешкімнің ала жібін аттамай, тек шыншыл болуға тәрбиеледі. Мен өз әкеммен мақтанамын. Себебі, менің әкемнің қолынан келмейтіні жоқ. Қорытындылай келе менің адам болуыма мұрындық болған әкем мен үшін бұл өмірдегі ең жақсы адам.
Қаби Қуаныш,
Раздольный орта мектебінің
4 сынып оқушысы.
Комментарии