Әлемді алаңдатқан вирус
Дата: 12.01.2021 Рубрика: Патриот
1
442
0
Жұртты алаңдатқан, көпті жалмаған аты жаман індет әлі де жойыла қоймады. Бүгінгі статистика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 161 мыңға жетіп отыр. Осындай көрсеткішке жетуімізге кім кінәлі? Алғашқы айларда халықтың дерлігі бұл дертке сене қоймады. Сақтық шараларына немқұрайлы қарады. Салғырттық пен сенімсіздіктің арты неге әкеліп соқтырды? Вирус жұқтырғандардың саны артып, науқастар көбейді. Бірақ қай дүниенің болмасын екі жағы болады ғой. Мәселен, індеттің алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын сақтауға, тазалыққа үйрендік. Сонымен қатар, ересектер онлайн режимде жұмыс істеп, көп уақытын отбасына бөлуде. Балалар үйлерінде оқып, ата-аналарының жандарында болуда. Халық тәртіпке бағына бастады, денсаулықтың қадірін түсінді. Ал зиянды жағы барлығымыз үйде отырамыз деп экранға, телефонға телміруді көбейттік. Осындай қиын кезде өткеннен сабақ алып, індеттің құрбаны болмас үшін сақтық шараларын қатаң түрде ұстану және өзгелерге осы шаралардың маңыздылығын ұғындыру баршамызға ортақ іс дер едім. "Бірінші байлық денсаулық",-демекші деніміздің саулығын қорғауға жауапкершілікпен қарағанымыз дұрыс.
"Сақтаңсаң, сақтайды",-осы сөзді басты ұстанымға алып, өзімізді сақтандыру арқылы, бұл дерттен де аман-есең өтеміз. Бәріміз осы бір ауыр кезеңде күш біріктіріп, сақтық шараларын қатаң ұстансақ, уайымсыз, қорқынышсыз, жарқын да жайдарлы күндерге қайта оралатынымзға еш күмәнім жоқ.
Айдана АЛДАНГОРОВА,
Жаңа ауыл орта мектебінің 11-сынып оқушысы.
Аманкелді ауданы.

Комментарии