Әр бала бақытты болу үшін жаралған
Өмірде қиын жағдайға тап болған балалар - қалыптасқан күрделі ахуалдың салдарынан өмір сүру тіршілігі бұзылған балалар болып табылады. Олар бұл жағдайды өз беттерімен немесе отбасының көмегімен шеше алмайды.
Жетімдік, ата-аналық қамқорлықтың болмауы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде мінез-құлықтың ауытқуы, баланың туғаннан үш жасқа дейін ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі, дене және ақыл-ой қызметтерінің тұрақты түрде бұзылуы, осылардың барлығы балада өмірдің қиын жағдайына тап болуына әкеліп соғады.
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерге психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік жан-жақты көмек беру; отбасында тұлға ретінде қалыптасып дамуына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемалардың жағымсыз әсер етуін алдын-алу; өмірге деген көзқарасын жағымды қалыптастыру болып табылады.
Орталыққа келген әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр күндік жоспарын ерекше әрі пайдалы өткізуге, орталықта өздерін жайлы сезіну үшін, үй жылылығын сезіндіруге жағдай жасалады. Сабақпен қатар, әр түрлі дамытушы ойындар, тренингтер тағы да басқа қызықты жұмыстар жүргізіледі.
Әр бала – жұлдыз. Жарқырауына көмек беру біздің басты міндетіміз. А. С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде»,- дейді. Яғни, біз жасаған ісіміз арқылы баланың алдағы өміріне үлкен зор үлесімізді қосамыз. Сондықтан, өз ісіміз бен бойымызда қалыптасқан кемшіліктермен күресіп отырсақ, балаларымыз өмірдің қиыншылығына аз кездесер еді.
Ә.Егізбай,
Әулиекөл ауданының өмірлік қиын
жағдайдағы балаларды қолдау
орталығының педагог-психологы.
Комментарии