Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білімді мыңды жығар

Дата: 12.01.2021 Рубрика: Патриот
972
0
Білімді мыңды жығар

Жұлдыз Асалқанова «Озат» мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7 сынып оқушысы. Ол «Myń bala» олимпиадасының жеңіпазы. Бүгін Жұлдыздан сұхбат алған едік.

Жұлдыз, бұл сіздің жеңіске жеткен бірінші додаңыз ба?

– Ауыл мектебі оқушыларының арасында өткен «Myń bala» олимпиадасының сынақтарына қатысып, жеңіске жету қиындау болды. Олимпиадада қиын тапсырмалар берілді. Ұстаздарымнан алған сапалы білімімнің арқасында осы олимпиадада жеңіске жеттім. Жеңіске жету үшін алдымен мықты дайындық керек. Қандай олимпиада болса да, адамның еш дайындықсыз жеңіске жетуі мүмкін емес. Ұстаздарымның үмітін ақтап, олимпиададан орын алу менің мақсатым болды.

-Бұл олимпиада несімен маңызды?

– Олимпиаданың негізгі құндылығы - ауыл балаларын қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Бұл олимпиада маған білімді адам өз мақсатына жете алатындығын дәлелдей түсті. Олимпиада талантты, әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасы аясында өткізілді. Сондықтан бұл олимпиада маған үлкен қолдау болды. Білімді ең мықты мектепте алуыма жол ашты.

– Болашақта қандай мамандық иесі болуды армандайсыз?

– Мамандық таңдау - өте күрделі іс, өз ісіңді таңдар алдында асығыс шешім қабылдамай, ең алдымен барлық мамандықтарды танып, саралап, ол мамандық не үшін керек екендігін білуің қажет. Мен қазір мұғалім мамандығын таңдап отырмын. Өз ұстаздарымның жолын қуғым келеді. Осы олимпиададан алған бағалы сыйлықты оқуға жаратсам деймін.

– «Мың бала» олимпиадасының болашақ қатысушыларына қандай тілегіңіз бар ?

–Болашақ «Мың бала» олимпиадасының қатысушылары, қазірден бастап оқып, еңбектеніп, өзіңіздің болашағыңыз үшін оқудан жалықпаңыз. Ата-ана мен ұстаздарды құрметтеп, өзіңізден кішілерге үлгі болыңыз!Сәттілік тілеймін!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!