Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біз біргеміз

Дата: 22.04.2020 Рубрика: Патриот
1296
0
Біз біргеміз
Елдік те ерлік сияқты сын сағатта танылады. Еліміздің басына түсіп отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түсіп отырған зор ауыртпашылық. Осындай сын сағатта елімізге ең қажетті дүние – ел бірлігі болып отыр. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы ертеңге деген сенімді үміті бар. Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ. Біз сыни пікірлерді біліп те көріп те отырмыз. Дегенмен, қашықтықтан оқыту еліміздегі вирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығымыз түсініп отырмыз. Бірлескен күш жігеріміздің арқасында осы қиын кезеңді абыроймен атқарамыз деп сенемін. Әлем елдері қашықтықтан оқытуға көшіп жатқандықтан, біздің №10 жалпы орта білім беретін мектебі де көштен қалмай жұмыстарынбастап кетті. Ұстаздар қауымына жүктелген міндет оңай емес. Қашанда ел игілігі үшін, келешек ұрпақ үшін шырылдап ыстыққа да, суыққа да төзетін мұғалімдердің иығына тағы бір ауыр жүк артылды. Түрлі интернет платформалар жүйесі арқылы қашықтықтан сабақ өтуде. Бұл жаңа өзгеріс оқушы мен ұстаздарға ғана емес, ата-аналарға да жаңа серпін бергендей. Атаана баласының сабағын қа дағалап, көмек тесу арқылы бір-біріне деген жауапкершілік пен қамқорлық, мейірімділік нәрі себілгендей. Ұстаздар қауымы да балаларға әр түрлі қолжетімді байла ныс арқылы телеграм, ватсап, аудио, видео арқылы байланысқа шығып, оқушының - негізгі сабақ мазмұнын алуына жағдай туғызуда. Ал, ата-аналар балаларына қолдау жасауда. Кез-келген ел өз болашағын өскелең ұрпағымен жалғастырады. Еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін білімді ұрпақтың орны бөлек. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі деген даналық сөз бар. Біз ештеңеден де тайсалмауға тиіспіз. Бастысы – сенім жоғалмасын. Кез-келген мемлекеттің қуаты – халқында. Біздің халқымыз мықты! Халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері, өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде қиындықты жеңіп шығамыз. Бауыржан атамыздың «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген даналығын есте ұстап,тәртіпке бағынып,тірлік жасауға шақырамын. Бірлік бар жерден мереке кетпейді деген... Біз біргеміз, берік іргеміз!

Батырхан КАРАШИНОВ, №10 орта мектебі директорының орынбасары Арқалық қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!