Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әсем де сырға толы кеш

Дата: 22.12.2020 Рубрика: Патриот
548
0
Әсем де сырға толы кеш
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз ғой. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар екенін жақсы білемін. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалап, бір өздерінің әуреге түскендерін байқамай да қалады. Қара жердің бетін басқан аққ ұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Біз де жаңа жылды асыға күтіп жүрміз. Шырша құрып, анам дастарқан жайып, үйде ерекше береке орнайды. Бір бірімізге сыйлық сыйлаймыз. Жаңа жыл құтты болсын.

Айсана БАҚЫТОВА, оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!