Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өзімдік ойым маңызды

Дата: 22.12.2020 Рубрика: Патриот
598
0
Өзімдік ойым маңызды
Бүгінгі күнде оқушылар дебатқа қатысып, өздерін дамытып жатады. Оның пайдасы да көп. Бүгін біз осы жолда өзін үздік көрсетіп жүрген С.Мәуленов атындағы гимназияның 9 «Ә» сынып оқушысы Гүлдана Борамбаевамен сұхбаттасқан едік.

– Гүлдана сені осы жолға бастап, жол сілтеп, үйреткен кім еді?
– Мені осы жолға жетекшім – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айнұр Міркемел әкелген еді. Дебат әлемінің баспалдығын өткен жылы басқан болатынмын. Маған өз пікірін білдіріп, қорғай алатын тұлғалар ұнайды. Сол себептен, дебатта өзімді көрсете аламын деп тәуекелге бел будым.
– Бұл салада жеткен жетістіктерің қандай?
– Қалалық деңгейде «Әлеуметтік желілер: жалпы қоғамдық игілік немесе бақыланбайтын кесел» атты тақырыпта қарсы позицияны қорғап, қаланың «үздік спикері» атандым. Ал облыстық деңгейде «Интернет кітапты алмастыра алады ма?» деген тақырыпта парламентті таңдап, өз ойымды анық жеткіздім. Қала бойынша «үздік спикер» атандым. Облыстық деңгейде Қостанай қаласының намысын «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» ММ 10 «Ә» сынып оқушысы Салимова Аяжанмен қорғап, командалық есеп бойынша 3-орынды қанжығамызға байладық.
– Дебаттың өміріңде алар маңыздылығы қандай?
– Мен үшін дебат – бұл адам өзінің позициясын білдіріп, процестен ләззат ала отырып, пікірін нақты және айқын білдіре алатын орын. Өз резолюцияңызды қандай жағдай болса да, қорғай білу керектігін түсіну, дебат адамға мақсатына ұмтылуға және өз ойынан бас тартпауға баулиды. Қазіргі уақытта дебат менің өмірімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес, мен түрлі ой-пікір алмасу сахнасына көбірек шығуды мақсат етемін. «Ойлай алмаған, тереңге бойлай алмайды» демекші, дебат тұлғаның рухани өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Себебі, адамның өзіндік пікірі – алтыннан да артық деп есептеймін. Жаңа жылда жаңа белестерге жетейік.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!