Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫН

Дата: 15.12.2020 Рубрика: Патриот
1252
0
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫН
Өзгелерді білмеймін, бірақ мен үшін бұл сөздің әрбір әрібі сондай қымбат, сондай ыстық! Туған халқыма деген аса ерекше, аса ғажап сүйіспеншілігімді дәл мендей ешкім білмес, дәл өзімдей ешкім сенбес, сірә! Тұңғыш Е л бас ымыз Нұ рс ұ лтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін тойлады. «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» – демекші, барлығы да басшының басшылығымен жүзеге асады.
Адам адам болғалы армансыз өмір сүруі мүмкін емес. Кеудесінде жаны барда, үздіксіз соғып тұратын жұдырықтай ғана жүректі алып ұшар сезімге бөлейтін, жұмыр басты пендені үнемі алға жетелейтін – ол әрбір адамның ой түкпіріндегі, жүрегінің тағындағы – асыл арманы. Менің де кішкентай жүрегімнің түбінде орналасқан осындай асыл арманым бар. Соның ішіндегі бірі де бірегейі ол туған елімнің гүлденуі мен өркендеп дамуына өз үлесімді қоссам деген патриоттық сезім, перзенттік борыш. Қазақтың өршіл, рухшыл ерлер мен батыр қыздарының арқасында бүгінде өзге елдермен тереземіз тең, керегеміз кең болып, тәуелсіздік алып, теңдігімізді жарияладық. Осындай білім алуға, ғылыммен айналысуға барлық мүмкіндік туған шақта ендігі мақсат елімнің дамуына өзіндік үлесімді қосу. Қазақстанның атын төрткүл дүниеге танытып, абыройын асқақтату деп білемін. Бұл мақсатқа жету жолында менің міндетім – бүгінгі таңда сапалы білім алып, ертеңгі білікті де кәсіби құзіретті маманға айналу. Мен келешекте мемлекетімнің гүлденуі үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауды дәл бүгіннен бастаймын. Мектеп қабырғасында білім мен ғылымның қыр сырымен танысып, келешекте кәсібімнің нағыз маманына айналып, елімнің болашағын жарқын етуге атсалысамын! 

Айдана БЕКМАХАН, №19 орта мектебінің 5 «Ә» сынып оқушысы Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!