Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Желтоқсан желі ызғарлы

Дата: 15.12.2020 Рубрика: Патриот
722
0
Желтоқсан желі ызғарлы
16-желтоқсан қандай мереке деп ойлайсыздар? Бұл күн ата-бабамыздың арманы орындалып, жасам паздығымызды жаңа белеске көтерген тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Н. Назарабаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл. Бұл күнге жету оңай болмағаны белгілі, ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күрескен. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл болып қалыпты. Тәуелсіздік, егемендік адамға рух беретін сөздер. Әр елдің тарихында ерекше орын алатын күн тәуелсіздікке қол жеткізген күн. Біздің елімізге де бұл күн өте маңызды. Еліміз, жеріміз аңсап, қан төгіп, тер төгіп шарықтап жеткен күні. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата – бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Осы байлығымызды бағалап, елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтай білейік. Бүгінгі күннің қадірін бағалайық.

Жанерке ЖАКЕНОВА, Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!