Еліміздің айрықша белгісі
Дата: 08.12.2020 Рубрика: Патриот
0
533
0
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Теңге – ҚР көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленіп, екінші бетінде табиғат көріністері мен елтаңбамыз салынған теңге күніне Қостанай ауданы Айсары орта мектебінің мектеп кітапханасында мерекелік іс-шара болып өтті. Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Көшек «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, отаншылдығын, адамгершілігін, халқымыздың қилы тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұраларын түсіне білуіне басты назар аударып ақын-жазушылар, мереке, атаулы күндер жайында кітаптар көрмесін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. М. Базарқызы өз жұмысына мығым, ұқыпты, қашанда ізденіс үстінде жүреді. Бұл ісіне ата-аналар, ұстаздар қауымы, оқушылар да дән риза. М.Базарқызы 5 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен жақында теңге күнін өткізді. Мерекеде теңгеміздің шығу тарихы жайында қажетті мәліметтер айтылып, қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Өзінің көркемсөзді шебер орындауымен Тойшыбек Қарақат үш тілде жүректі тебірентер өлеңін оқыды. Ең белсенді де тапқыр оқушыларға мақтау қағаздары табыс етілді. Мерекеге белсене қатысқан 5-сынып оқушыларына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдірілді.
Дариға БЕРСҮГІРОВА, Айсары орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қостанай ауданы
Дариға БЕРСҮГІРОВА, Айсары орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қостанай ауданы
Комментарии