Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған өлке

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Патриот
1733
0
Туған өлке

Алтын Күз неткен керемет атау еді. Күз молшылық белгісі демей ме? Күз осы төрт мезгіл ішіндегі ең асылы, ең әдемісі, ең алтыны болып саналады. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Күз дегеніміз қауырт еңбек кезеңі. Расында да күз қауырт еңбек кезеңі, күзде барлық жұрт өзінің бау-бақшасында өскен жеміс-жидек, азық-түліктерімен қысқа қамтанатын жыл мезгілінің бірі. Алқапта бидай, арпа, сұлы және тағы басқа дақылдарды жинайды.

Күзде барлық жан-жануарлар, құстар қысқа қамтанады. Олар да тіршілік көзі. Күз мезгілінде даланың барлығы алтынға, сары түске айналады. Әр мезгіл өзіне тән сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Сары жапырақ, қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар дегендей күздің де бір тамаша қырлары бар. Айнала керемет көрініске айналады тіпті адамдардың көзін жаулап алардай әдемі. Сонымен қатар күздің өзіне тән суық мінезі, салқын иісі бар. Бұл да өз алдына әдемі.

Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бір күн шайдай ашылып тұрады. Міне, күздің бір сиқыры осында емес пе. Әлде ерекшелігі десек те болады. Түн ұзарып, күн қысқарады. Күз мезгілінде балалар мектеп табалдырығын аттайтын күндердін бір. Абай атамыз айтқандай «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан» деген күз мезгіліне дәл келеді.

Мен Қазақстанның солтүстік өңірінде тұрамын. Біздің жақта күзде салқын иіс жел болып тұрады. Өзіме ұнайтын жыл мезгілдердін бірі күз. Әрине, көбі күз мезгілін жақтыра бермейді. Бірақ өз басыма күз ерекше орын алады. Мен күз келгенде табиғаттың кереметіне қарап суреттер саламын, ақындық өнерім ашылып ойымнан өлең шумақтарын құрап жіберемін. Ақын болмасам да болашақта өзімнің кітабымды шығару ойымда бар. Туған өлкенің байлығы елін, жерін жақсы көретін барлық адамда патриоттық сезім тудырады.

Жанерке Жакенова,

Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушысы.

Меңдіқара ауданы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!