Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұстаз құдіреті

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Патриот
582
0
Ұстаз құдіреті

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

Ы.Алтынсарин

Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі келіп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Ұстаз бейнесі мен үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы.

Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнайды. Ұстаздық қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам. Ұстаз шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.

Ұстаз болу екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты. Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол ұстаз. Біздерді елін сүюге бастайтын да, нағыз патриот болып ер жетуге үйрететін де аяулы ұстаздарымыз.

Арай Сағындықова,

№ 28 Құсмұрын орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

Әулиекөл ауданы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!