Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Еліміздің патриоты біздер

Дата: 10.11.2020 Рубрика: Патриот
496
0
Еліміздің патриоты біздер

Әр адамның заңды құқығы бар. Менің құқығым мектепте тегін білім алу, еш қателік жібермеу, бір-бірімізге жәрдемдесу, ұқыпты әрі таза болып жүру әрі елімнің патриоты болу. Менің сырттағы құқығым жаман қылыққа, қателікке бармау, табиғатты ластамай тек аялау, біреуге қастандық жасамау, ұрламау.

Құқық заң Ақордада қабылданады. Ол жер мен үшін бибітшіліктің мекені. Заң болмаса адам саны азаяр, қала, табиғат жоқ болар, ешкім болашақты елестете алмас еді. Мен құқықты енді түсіне білген секілдімін. Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенциясының 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті». Әр адам өз құқығын дұрыс білсе қор болмасы анық. Мектептен бастап үйреніп, заң талаптарын білгеніміз де жөн. Мен осы орайда көп үйренгім келеді. Әрі құқығын білмейтіндерге көмектесіп, жол ашып, елінің айбынды азаматы болуына бастағым келеді.

Еркежан Әбдіхамит,

Қараторғай жалпы білім беретін неізгі мектебі

6-сынып оқушысы.

Арқалық қаласы,

Жаңақала ауылы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!