Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тәуелсіздік – ел бақыты

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Патриот
1071
0
Тәуелсіздік – ел бақыты
«Строительный» кітапхана филиал кітапханашылары «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты қашықтықтан хабарлау арқылы вертуалдық көрме ұйымдастырды. Бұл көрмені ұйымдастырудағы мақсат еліміздің өткеніне, бүгініне және ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Жас ұрпақтың бойында еліне, отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Атабабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрды. «Қазақ мемлекеттілігінің дамуы» атты бөлімде ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі туралы әдебиеттер қойылған. Екінші бөлім Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмыры, елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз туралы әдебиеттер көрменің «Қазақстанның тарихи белестері» бөлімінде орналасқан. Үшіншісі «Мәңгілік ел – Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұраты» бөлімінде мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін айқындайтын әдеби туындылар ұсынылған. Астананың өмірге келуі, Қазақстанның жаңа тарихының ең қиын да жарқын сәттерін баяндайтын әдебиеттер «Астана – Тәуелсіздік жемісі» төртінші бөлімінде орналасқан. Сонымен қатар, кітап көрмесіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар және фото-суреттер қойылды.

Эльмира МЫРЗАЛИЕВА, «Строительный» кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!