Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біздерге рухани азық

Дата: 06.10.2020 Рубрика: Патриот
495
0
Біздерге рухани азық
Биыл елімізде Абай атамыздың 175 жылдығы атап өтілуде. Осы орайда өз қатарластарыммен бірге мен де ақын өлеңдерін жатқа оқып, оқушылар арасында өтіп жатқан «Абай – қазақ даласының ұлы» атты қалалық конкурсына қатысып жатырмын. Оған көп дауыс пен пікір жинау керек екен. Қазір елдегі жағдайға байланысты барлық іс-шаралар онлайн өтуде. Біздің сынып жетекшіміз Күлжаш апай бізге бос уақытымызды босқа өткізбей, түрлі байқауларға қатысып отыруға шақырады. Менің ойымша, кез келген қазақ баласы Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа білуі тиіс. Ал мен сияқты оқушылар Абай атамыздың шығармаларын, қара сөздерін жаттап қана қоймай, өмірлеріне азық етіп, сабақ алса деймін. Бұл – ақынға деген үлкен құрмет дер едім. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осы орайда хакім мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Абай атамыздың ой-тұжырымдары біздерге қашанда рухани азық бола алады.

Нұртөре ҚЫДЫРБЕК, Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының 8 «ә» сынып оқушысы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!