Асыл қазынам
Дата: 06.10.2020 Рубрика: Патриот
0
577
0
Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіпөркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек, ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Осындай мәтінде «Жұпар» бөбекжай балабақшасының «Айгөлек» тобында «Қарттарым - асыл қазынам» атты қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Балалар ата-әжелеріне арнап тақпақтарын, әндерін айтты, биден шашу шашты. Отбасы мүшелері деген ойындарын ойнады. «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» демекші, қазыналарымыз аман болсын.
Қ.ДОСТАНБАЕВА, «Айгөлек» тобының тәрбиешісі
Қ.ДОСТАНБАЕВА, «Айгөлек» тобының тәрбиешісі
Комментарии