Тіл мәртебесі – ел мәртебесі
Дата: 06.10.2020 Рубрика: Патриот
0
673
0
Биылғы 2020-2021 оқу жылының Тіл мерекесін ұйымдастыру басты на зарда. Елбасының тапсырмасы бойынша үштілде оқып, меңгеру мақсаты - көзделген. Ана тілімен бірге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілі, тарихын терең білуге шаралар жоспарланып, тиімді түрде іске асырылуда. Негізгі мақсат балалардың тілге деген құрметтерін арттыру, өзге ұлттардың мәдениетін және ерекшеліктерін біліп таныту, тілдің қоғамдағы атқаратын рөлін ұғындыру, балаларды үштұғырлы тілді жетік білуге тәрбиелеу және шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту, жас жеткіншектерді өз елінің тілін, жерін, тарихын сүйетін білімді де сауатты тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Тіл – әр халықтың байлығы. Ертеден ата-бабамыз елі үшін, жері үшін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап мына біздерге аманат еткен. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруде, қазақ тілінің қолдану ая сын кеңейту, дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында - «Жұпар» бөбекжай балабақшасының «Ертөстік» тобында тәрбие сағаты өткізілді. Әдістемелік күннің алғашқы бөлімі оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін, оларды қолдану мүмкіндіктерін көрсете білу барысында болды. Әдістемелік күннің екінші бөлімі тәрбие жұмыстарына бағытталды. Сембина Кенжегүлдің ұйымдастыруымен өткізілген «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты ашық тәрбие сағаты мен шығармашыл балалардың ғылыми көзқарасын, ізденімпаздығын насихаттауға арналған.
Комментарии