Берекелі алтын күз
Дата: 29.09.2020 Рубрика: Патриот
0
936
0
«Диқан наны – адал Сен диқанмен қатынасып, аралас, Сонда болар тәтті тағам, адал ас», – деп ұлы Баласағұн бабамыз бүлдіршіндерді еңбек етуге, ел ырысын құрметтеу және адам еңбегін бағалай білуге шақырған. Жыл мезгілдерінің ішінде күздің алар орыны зор. Қамбаға бидайымыз толып, жеміс-жидек, көкеністердің пісер уақыты. Әсіресе, ауыл тұрғындарының күзгі қарбалас сәттері осы уақыт. «Жұпар» балабақшасының «Ертөстік» тобында «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Ертеңгіліктің мақсаты – бүлдіршіндерді жыл мезгілімен таныстыру, жеміс-жидек, көкеністердің түрлері мен пайдасына тоқтала кету. Мерекеге Күз ханшайымы қонаққа келіп өзінің тапсырмаларын балаларға жасырды. Бұл тапсырмаларға балалар мүдірмей жауап берді. Бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып ән айтып, би билеп, күз жайында мақал-мәтел, жұмбақтарын шешіп білімдерін паш етті. Балалардың жемістен жасалған киімдері көздің жауын алып, іс-шараның көркін одан сайын жандандыра түскендей. Кенжегүл СЕМБИНА, «Жұпар» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі, Аманкелді ауданы
Комментарии